Өлең, жыр, ақындар

Қарағым

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 7
  • 75836
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға.
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кiдiрме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
"Қарманған қарап қалмас!" - деген рас сөз,
Тоқтамай iсте болсаң батып терге.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған.
Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге.
Бiлiмсiз, құр қалтақтап жүргенменен,
Ерте өлген, көмiлулi қара жерге.



Пікірлер (7)

Бекен

Керемет түсінген балаға

Отаралиева Гүлзия

өте керемет

Дана Маратқызы

Қарағым өлеңі керемет

Канылбай. Рабига

Аман. бол

ұлбосын

күшті және ұзақ емес

ұлбосын

күшті және ұзақ емес

Арайлым

Мағжан Жұмабаевтың Қарағым өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Қойшы бала мен күшік

  • 1
  • 1

Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,

Толық

Ана

  • 1
  • 23

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.

Толық

Күз

  • 1
  • 6

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар