Өлең, жыр, ақындар

Алматы – гүл қала

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1998
Қанат жайған көсіле,
Алатаудың төсіне.
Алматыны атасаң,
Алма түсер есіңе.
Алматымыз – нұр қала,
Алматымыз – жыр қала.
Сағат сайын құлпырған,
Мәңгі жап-жас бұл қала.
Алматымыз – күн қала,
Алматымыз – гүл қала.
Көктөбе мен Медеуі
Таңғажайып тұр дара.
Алматымыз шынында,
Алатаудың шыңында.
Әншілердің әнінде,
Ақындардың жырында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаруа мен түлкі

  • 0
  • 0

Шаруаға былай деді Түлкі бір:
«Айтшы, білгім келеді,
Саған жақын болуы не жылқының?
Әрқашан да айдауыңа көнеді.

Толық

Санамақ

  • 0
  • 0

Бір дегенім – Бөрік,
Екі дегенім – Елік,
Үш дегенім – Үлек,
Төрт дегенім – Түйе,

Толық

Кітап жаршысы

  • 0
  • 0

Бақытты мына заманда
Кітапқа құмар бар кісі.
Маған да керек, саған да
Қызықты «Кітап жаршысы».

Толық

Қарап көріңіз