Алматы – әсемдік қаласы,
Көз тоймас көркіне.
Алатау асқарға қарашы,
Қаласың желпіне.
Қаз-қатар тізілген көшелер,
Бастайды заңғарға.
Дегендей биіктеп өсе бер,
Бастайды арманға.
Асқақтап бой созған аспанға,
Керемет үйлері.
Жалынды жыр құйған жас жанға,
Ән менен күйлері.
Аңсаған арманым – Алматы,
Қызыға қарашы.
Тамсантқан әлемді алмасы,
Бақыттың қаласы.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі