Өлең, жыр, ақындар

Кітап жаршысы

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3866
Бақытты мына заманда
Кітапқа құмар бар кісі.
Маған да керек, саған да
Қызықты «Кітап жаршысы».
Қадалар отты жанарың,
Кітаптің көп сәндісі.
Бәрінің беріп хабарын,
Келеді «Кітап жаршысы».
Шығарма әрбір, әлбетте –
Сан қилы өмір талқысы.
Айтады соны әр бетте
Кәдімгі «Кітап жаршысы».
Роман, дастан, повестер...
Қайсысы нәрлі, мәндісі?
Сол жайлы жақсы кеңестер
Береді «Кітап жаршысы».
Оқитын болса қол үзбей,
Бала ма, мейлі шал кісі,
Танымды терең теңіздей
Береді «Кітап жаршысы».
Қанатын қағып, әрине,
Секілді сұлу таң құсы,
Қонақтай берсін әр үйге
Қадірлі «Кітап жаршысы».
*«Кітап жаршысы» кітаптар жарнамасының газеті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос дипломды шенеунік

  • 0
  • 0

Қос дипломды бір бастық,
Қызметкерлеріне дүр бастық,
Бірінші сыныпта оқитын баласын
Дейтұғын «сен данасың».

Толық

Қалқам-ай

  • 0
  • 0

Қыздары қазағымның сұлу неткен?
Секілді таңғажайып сұлу көктем.
Келісті келбетімен, қылығымен
Жаныңды жадыратып, жылу төккен.

Толық

Қалтадағы құлақ

  • 0
  • 0

Жездемнің бір құлағы
Алмалы-салмалы болды,
Он-ақ грамм салмағы болды.
Шынында бұл құлағы

Толық

Қарап көріңіз