Өлең, жыр, ақындар

Нан

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1144
Көшеде жатса егер бір түйір нан,
Қалтқысыз көзім шалып бір қиырдан,
Қастерлеп, қасиеттеп көтеремін,
Парықсыз пенделерге шын күйіп жан.
Бір түйір болмай қалса қолда наның,
Ашығып, өзек талып, сорлағаның.
Барында бағаламай төгіп-шашып,
Жарай ма адал асты қорлағаның?
Демегін бір түйірді кім алады?
Миллиард бір түйірден құралады.
Тастасаң аяқ асты түйір нанды,
Обалы өз арыңнан сұралады.
Діндар да келтірместен ашық күмән,
Ардақтап нан қадірін, шашыпты ұран:
«Төбеде тұрған нанға қол жетпесе,
Алуға болады, – деп, – басып Құран»
Қаншама болғанымен кеще тегі,
Молда да нан алдында сескенеді:
«Аяққа нанды басып алма, – деген, –
Құранға қол жетпесе текшедегі».
Осылай нанды халқым құрметтеген,
Құрметі құрметке орай құр кетпеген.
Жайылып дастарқан боп дарқан далам,
Астықпен көмкеріліп, қыр көктеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егінші мен ақылгөй

  • 0
  • 0

Бір Егінші көкткем жұмсап мол күшін,
Жерін жыртып, ешбір тыным көрмеді:
Ыждаһатты ер болатын ол кісі,
Әрі мықты, оңды еді;

Толық

Өмірге онда келмеген

  • 0
  • 0

Шайтан көл жатыр еркелеп,
Еркелеп самал еседі.
Бір кезде осы өлкеде
Топан су болған деседі.

Толық

Көшіргіш пен өшіргіш

  • 0
  • 0

Өзге оқушы ойланып,
Шығарғанда есепті,
Көшіреді ол жайланып
Күтіп жатпай кезекті.

Толық

Қарап көріңіз