Өлең, жыр, ақындар

Қасиетті ана

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2357
Анам мені құрсағында көтерген,
Көтерген де, көңіліме от өрген.
Менің бүкіл тірлігімнің төлеуі
Анашымның құрсағында-ақ өтелген.
Анам мені орап алған жөргекпен,
Аялаған, бесігімде тербеткен.
Күн нұрындай мейірінен ананың
Өшпейтұғын қуат алып, ер жеткем.
Анам менің кекілімді тараған,
Баға жетпес асылына балаған.
Қай ауылда, қай түкпірде жүрсем де,
Тағат таппай, жолыма ұзақ қараған.
Өмірдегі үлкен-кіші бар адам
Ана деген абзал жаннан тараған.
Әлемдегі тіршіліктің тұтқасы –
Айналайын қасиетті анадан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шеге

  • 0
  • 0

Жол үстінде Шеге жатты,
Шаңды қауып, шөге жатты.
Жүк тиеген бір машина
Баса-көктеп келе жатты.

Толық

Қайран жастық дәурен-ай

  • 0
  • 0

Жігіт деген желікпеде жоқ тізгін,
Көздеріне қараймын деп көп қыздың,
Көп күнімді қызық қуып өткіздім,
Қайран жастық дәурен-ай!

Толық

Сағындым, сәулем

  • 0
  • 0

Ардағым деп аңсап келемін,
Арманым деп ән сап келемін.
Мақсат емес сенің алдыңда
Байлық пенен мансап дегенің.

Толық

Қарап көріңіз