Өлең, жыр, ақындар

Ақын арызы

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 737
Ақын деген абыройлы атым бар,
Жырларымда жалын да бар лапылдар.
Асқар таудай арқа тұтып,
Алыстан
Кеп жатады жанымды ұққан жақындар.
Келсе келсін,
Қуанбайын мен неге?
Төрім дайын өзім деген пендеге.
Есігімді айқара ашып, қарсы алам,
Қазақ, сірә, кең пейілге кенде ме?
Бір-бірінен артпаса да айлығым,
Қат-қат кітап – жиған-терген байлығым.
Әлі күнге жыр жазудан жалықпай,
Өтпепті ғой өмірде бір жай күнім.
Уақытпен қайнап-пісіп баста өлең,
Талай жерге келіп қапты жас деген.
Жазғанымды бастырудан басқадай
Қиыншылық көрмеппін-ау, әсте мен.
Қанат қаққан көңілімнің тұсынан
Жүрекжарды жарларымды ұшырам.
Ал, бірақ та, қонағыма жұп-жұқа
Кітабымды ұсынуға қысылам.
Тұрмысымды жұп-жұпыны шамалап,
Ақын деген осы ма деп, табалап,
Бар құнымды байлықпенен бағалап,
Ағайынның аулақтауы жаман-ақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыр қонақта

  • 0
  • 0

Қызырды біз айыптауға дайынбыз:
Кімнің төмен дәрежесі, кім кедей,
Өте алмайды оны сөкпей, тілдемей,
Түптеп келсек, кінәліміз дәйім біз.

Толық

Бір қақпайлар

  • 0
  • 0

– Жаңа міндет ұнай ма?
– Шүкіршілік Құдайға.
Бастығымның қолында
Домаланған добымын.

Толық

Сыйлық

  • 0
  • 0

Сыйлық беріп жарыла,
Күндерде бір көңілсіз,
Бақыттың гүл бағына
Алып кетем сені үнсіз.

Толық

Қарап көріңіз