Өлең, жыр, ақындар

Байжомарт бағы

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 754
1
Қарой – менің көңілімде, қанымда,
Қарой – менің жүрегімде, жанымда.
Етек жиып, ес білгеннен
Қаройдың
Аунап өскем шалғынында, шаңында.
Аулымыздың теріскей бет жағында,
Көзді тартып, гүл жайнаған бабында
Алма, алмұрт, алша, алқор – бәрі де
Болатұғын Байжомарттың бағында.
Байжомарттың өзі де бір мәрт еді,
Басқалардан ісі бөлек қарт еді.
Баптап-бағып күткен оның бау-бағы –
Балалардың бейне арман «Артегі».
Бақ дегенде –
Ауылдағы жалғыз бақ,
Айналадан ағыламыз андыздап.
Алмұртынан аузымызға салғанда,
Болатынбыз татқандай бір балмұздақ.
Бірнеше рет барып баққа кей күн біз,
Байжомарттан жеміс сұрап жейтінбіз.
Бетімізден қақпайтұғын ақсақал,
Байжомартты нағыз жомарт дейтінбіз.
Байжомарттың жалғыз ұлы Онтайды
Оңашалап кейбір кезде оңтайлы,
Алдайтынбыз айырбаска алмаға
Сақа болар асық беріп оңқайлы.
Кетер кейде көңіліміз бұзылып,
Жайнап тұрған жемістерге қызығып,
Аңдып жүріп,
Иесінің жоғында
Алма баққа түсетінбіз тізіліп.
...Толмады ма,
Толды ма әлде дорбамыз,
Бір ұрлықта түсіп қалдық қолға біз.
Әрең тұрдық ақсақалдың алдында
Жерге кіріп кете жаздап сонда біз.
Қайдан түртті шайтан бізді азғырып?
Қарт бірақ та ұрыспады жазғырып.
Деді бізге алмамызды алмастан:
– Емес, иә, мыналарың мәз қылық.
Татқыларың келсе жеміс дәмдерін,
Әрбір сөздің ұғыныңдар мәндерін.
Бір-бір көшет колдарыңа ұстатам,
Рақатын көрерсіңдер бәрлерің.
Рысқұлбек, Дүйсен, Сәрсен, Мақұлбек...
Айтқанымды құптасаңдар мақұл деп,
Көшеттерді үй маңына егіңдер,
Ойла сонда бақ көгеріп жатыр деп.
Бір топ бала құйындата жөнелдік,
Байжомарттың көшетіне кенелдік.
Келе сала есіктердің алдына
Ектік біздер,
Міне, қайда шеберлік!

2
Содан бері отыз бестен жыл өткен,
Біздің ауыл талай ерді түлеткен.
Жолым түсіп, қайта келдім Қаройға
Сағынышпен, алып-ұшқан жүрекпен.
Көңіл тасып, келем думан-тойға мен,
Көптен бері бір соға алмай койған ем.
Бала күнгі Қара сулы Қаройым
Бүгін қалай болды екен деп ойлап ем.
Басталатын Байжомарттың бағынан
Ауылымды жоқпын бірден таныған.
Жерұйықтың өзі ме екен деп қалдым,
Тербетіліп тұрған тұнық талынан.
Байжомарт та, басқа қарт та – кеткен көп,
Бірақ, бүгін жетілгендер, жеткен көп.
Бүкіл ауыл Байжомарттың бағы боп,
Көз алдымда тұрды жайнап көкпеңбек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биігінен майырлып

  • 0
  • 0

Биігінен майырлып,
Құздар кетіп барады.
Оралмасқа қайырлып,
Ызғар кетіп барады.

Толық

Сарбаз суреті

  • 0
  • 0

Толғандырып, ойландырып талайды,
Төрімізде бір бейне тұр арайлы.
Жиырма беске жаңа толған сол сарбаз
Кең әлемге күлімсірей қарайды.

Толық

Шерлі болған шаруа

  • 0
  • 0

Үптеп ұры қораны,
Шаруана тонады –
Шарбақты еркін шарлады,
Тінтіп еден, қабырғаны, қуысты,

Толық

Қарап көріңіз