Өлең, жыр, ақындар

Ерсейіттің етігі

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 929
Шаң жуытпай, қасиетпен, қастермен,
Хром етік киіп келген әскерден.
Сықырлайтын ары-бері жүргенде,
Ерекше етіп Ерсейітті басқа елден.
Группада жігіттердің естісі,
Ауызында алтындаған қос тісі.
Ақыл айтса, батыл айтса Ерсейіт,
Қарсы келіп, таласпайтын еш кісі.
Керім жігіт – бидай өң бе, бозаң ба?
Етігіне жұқтырмайтын тозаң да.
Майлап, сүртіп, жаны қалмай жатқаны,
Елден бұрын тұрып алып азанда.
Содан кейін сабаққа ерте келеді,
Тегін емес, оның да бар себебі:
Ерекеңді қыздар тәуір көреді,
(Ол кездері, әрине, олар кем еді).
Группада екі-ақ қыз бар тек қана,
Жанарлары жайнап тұрған шоқ қана.
Сырласа алмай,
Сырттарынан сүзіліп,
Күллі жігіт көз тігетін тоқтала.
Қос бұрымы білектей боп өрілген,
Жұмыр жоннан тобығына төгілген.
Талап еді сол екеудің біреуі,
Айдай болып анадайдан көрінген.
Махаббатқа өзгелерден жетігі,
Ерсейіттің өзгеше ғой өтімі.
Сол сұлудың қытықтайтын жүрегін
Әсіресе, аяқтағы етігі.
Тыным таппай күн батты не таң атты,
Төңіректеп жүрді Ерсейіт Талапты.
Аяғында хром етік сықырлап,
Ақырында қызды өзіне қаратты.
Таңғажайып қуанышты күйге еніп,
Той жасалды – Тынды екеуі үйленіп.
Етік енді жақсы жерге жайғасты,
Ерсейіттен ерекше бір сый көріп.
Қаншама жыл,
Қаншама ай, күн өтіп,
Қаншалықты түлектерді түлетіп,
Шат көңілді,
Тәтті өмірді гүл етіп,
Махаббаттың тұғыры боп тұр етік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түрлі түстер

  • 0
  • 0

Бояп әппақ түспенен,
Қандай шебер істеген?
Ақ тілекті анадай –
Қатты ұнайды қыс деген.

Толық

Жапырақтар

  • 0
  • 0

Жапырақтар көктемде
Бейне бір шат балақан.
Қарап өткен-кеткенге,
Шапаттайды алақан.

Толық

Ұға білдім

  • 0
  • 0

Мен сенің біліміңе қарамадым,
Мен сені жетім деп те санамадым.
Ал, сенің келбетіңе жер бетінде
Ешкімді тең екен деп баламадым.

Толық

Қарап көріңіз