Өлең, жыр, ақындар

Тойға келген торғай

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 867
Шуақты әр жанарда шаттық ойнап,
Концертін Алтынбектің* жаттық тойлап.
Үстінде ақ дастарқан ақтарылып,
Көбігі аққайнардың ақты бойлап.
Әншіге шын ілтипат қылайын деп,
Көңілін көпшіліктің бұрайын деп,
Сол еді бірінші сөз бастағаны,
Табанда қалт тоқтады Райымбек*.
Бір Торғай ұшып келіп сүйкімді әні,
Қонып ап бос столға шиқылдады.
Сол сәтте тына қалдық бәріміз де,
Балқытып бойымызды күйдің мәні.
*Алтынбек Қоразбаев екі күн қатарынан Республика сарайында концерт берген.
*Қазақ КСР республикасының халық әртісі Райымбек Сейтіметов концерттен кейінгі банкеттің тамадасы болған.
Біздермен отырғандай бір қуанып,
Торттан бір анда-санда түртіп алып,
Тағы да әнші Торғай әнге басты,
Тұмсығын орындыққа сүртіп алып.
Ұйқыдан оянғандай аздан кейін,
Көтеріп күлкісімен наз деңгейін,
Қайтадан сөйлеп кетті Райымбек:
«Не дерсің тап мынандай саздан кейін?
Бұл нағыз Торғай екен әнге ғашық,
Келгенін көрмеймісің сан бел асып.
Құттықтап отыр енді Алтынбекті,
Шалқыта бізден бұрын әнге басып.
Мүмкін, бұл келген Торғай Аспарадан*,
Мүмкін, бұл келген Торғай астанадан.
Әйтеуі, кім де болса әуел бастан
Қиялы әдемі әннен бастау алған.
Алтынбек әндерінің құндылығы –
Халықтың өз үніндей үнділігі.
Екі күн елжіреген елмен бірге
Торғай да ұйып тыңдап тұрды мұны.
Кененнің секілді нақ «Бозторғайы»*,
Кей жанның болады ғой өз Торғайы.
Бұл да бір Алтынбектің бақыт құсы,
Әркімге мұндай бақыт тез қонбайды»...
От құйып орынды сөз тәнімізге,
Шешенді мақұлдадық бәріміз де.
Торғай да тойды бізбен бірге тойлап,
Ән қосып шиқылдады әнімізге.
*Аспара – Алтынбек туған ауыл
*«Бозторғай» Кенен Әзірбаевтың әні



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шабақтар

  • 0
  • 0

Көл бетінде шабақтар
Шолпылдайды, ойнайды.
Дегендейін қарап қал
Қара суды бойлайды.

Толық

Төлдер

  • 0
  • 0

Құлдырайды Құлын,
Желбірейді тұлым.
Желігеді жүйрік,
Төгіледі құйрық.

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Шығыстан сәуле шашып таң келеді,
Тербетіп төсегінен жан денені.
Шырыдап шырқай ұшқан молдаторғай
Көңілге құйқылжыған ән береді.

Толық

Қарап көріңіз