Өлең, жыр, ақындар

Ерте оянған ара

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 774
Қарға оранып, құрсанып дала жатыр,
Күн жылынбас қаңтарда,
Қара да тұр.
Қос қабатты терезе тесігінен
Шыға келді оянып ара батыр.
Үйдің іші тең бе еді даламенен?
Жан-жағына тұрды ол қарап ерен.
Серігі жоқ қасында, гүл бағы жоқ,
Қоректенбек бұл жерде ара немен?
Көктем бе деп үй ішін шолып та алды,
Ары-бері қанатын керіп те алды.
Көріп еді қомданып, ұша алмады,
Үш күннен соң сол ара өліп қалды.
Асықпаса, көктем де келмес пе еді?
Келмес пе еді –
Гүлден нәр термес пе еді?
Кім біледі,
Басқаға балын беріп,
Өкінішсіз содан соң өлмес пе еді?
Түсінбедім осы бір оянысты,
Санамда бір сезікті ой алысты:
Таппаса ер елінен таянышты,
Өліміндей араның аянышты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалбарыну

  • 0
  • 0

О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,

Толық

Алып кетем деп келмедім өмірге

  • 0
  • 0

Алып кетем деп келмедім өмірге,
Қалып кетем деп келмедім тегінде.
Ақиқат қой әйтеуір бір өлмегің –
Міндетіңді өткермегің өмірде.

Толық

Қаншалықты кернегенмен күш-ағын

  • 0
  • 0

Қаншалықты кернегенмен күш-ағын,
Көк төсінен құласа егер ұшағың,
Қасіретін ешкімнен де көрмегін,
Жаратқаннан келген ол бір құса-мұң.

Толық

Қарап көріңіз