Өлең, жыр, ақындар

Жасай бер, ана

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1647
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?
Сен болмасаң, аяулы асыл ана,
Шуағым боп күн нұры шашыла ма?
Ақ сүтіңмен аялап нәр бермесең,
Күй сандығым күмбірлеп ашыла ма?

Қайырмасы:
Ана, аяулы жаным, ана,
Арайлы таңым, ана,
Жасай бер мәңгі.
Ана, көңілдің гүлісің сен,
Өмірлік ырысым, ана,
Тіршілік тынысым, ана,
Арнадым өзіңе ғана осынау әнді.

Асыл анам, жанымда жүре берші,
Жаз күніндей жайраңдап күле берші.
Аппақ қардай кіршіксіз көңіліңмен
Жүрегіме жылу боп кіре берші.
Балаң болып ер жетіп, марқайсам да,
Жасай берші, жан ана, қартайсаң да.
Мәңгі көктем – өмірдің өзегісің,
Мейірімің – көл-көсір, дарқан дала.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бай мен ақын

  • 0
  • 0

Зор Байменен соттасты Ақын саналы,
Зевске әрі жалынды ол жақта деп;
Бұйрық жетті тез келіңдер сотқа деп.
Келді: бірі – жан арық,

Толық

Сорым ба, әлде бағым ба

  • 0
  • 0

Сорым ба, әлде бағым ба,
Шауқар тартқан шағымда,
Өзіңді көріп өзгердім,
Айналып бұлдыр сағымға.

Толық

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп

  • 0
  • 0

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп,
Кеттім мен талай рет келмеймін деп.
Осынша дау айтқызып, өрекпітіп,
Осынша кердеңдеткен нендей міндет?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар