Өлең, жыр, ақындар

Жасырма

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 819
Әнін жазған Иван Бреусов

Жатыр ғой талай сыр
Сөзіңде сенің.
Қалайша қарайсың
Көзіме менің?
Болмасын білемін
Махаббат жолы.
Бұлқынса жүрегім,
Кешіргін оны.

Қайырмасы:
Жасырма,
Түн үйқыңды кім ұрлады?
Жүрек неден шымырлады?
Ұмыт болар мұның бәрі,
Бәрі.
Жасырма,
Кім тұр аспан аясында?
Бұрынғы бақ саясында
Қайта құшақ жаясың ба?
Айтшы.

Оралар көктем де,
Желпінтіп желі.
Сол сәттер жеткенде,
Табармын сені.
Махаббат бұлбұлы
Бағына қонар.
Бәрі де бүл күні
Орнында болар.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құдайды мойындамау – кәпірлік

  • 0
  • 0

Құдайды мойындамау – кәпірлік,
Парызын орындамау – күпірлік.
Мұсылман қауымы әлемде
Көбейіп келеді – шүкірлік.

Толық

Сауысқанның сәлемі

  • 0
  • 0

Талай жерді тауысқан,
Талай жерге ауысқан
Ала қанат Сауысқан
Хат жолдады алыстан:

Толық

Айнат

  • 0
  • 0

Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Құшақ жайып қарсы алар
Мейірбанды мектебің.

Толық

Қарап көріңіз