Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 7
  • 125178
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағында тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы - Алла добы» деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап басым жас.



Пікірлер (7)

Viktor-eghte888

Мағжан деген ақынды еске салып
Өлеңдерін жазыпты жеке алып
Керемет бір əсер алдым өлеңдерден
Отырмын бір өлеңді көпке балап

Акося Ақылбекова

Өте керемет өлең! РАХМЕТ!!!!

максат

рахмет

Pernegul_02

Мағжан ақын жырларына сусындап
Өмірінен көп өнеге алыңдар
Ақын жанын ақын ғана түсінер
Көп мақтаумен оны еске алыңдар

Асель

Керемет

Бико Сико

Маган сабакка керек болып еди осыны таптым коп комектести апайдан 5 алдым

Айша

Іздегенімді таптым!!!!

Пікір қалдырыңыз

Өмір

  • 1
  • 2

Мана көкті қаптап еді қара бұлт,
Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт:
Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып,
Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.

Толық

Алыстағы бауырыма

  • 0
  • 0

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.

Толық

Жан жарымды бір сүйейін түсімде

  • 1
  • 1

Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай,
Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай,
Осы күнде алтын сәулем нағып жүр,
Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.

Толық

Қарап көріңіз