Өлең, жыр, ақындар

Оқушылар сарайы

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1676
Әнін жазған Әліби Әбдінұров

Біз – ерікті елдің жастарымыз,
Қол созған білім мен ғылымға.
Күн сәулелі ашық аспанымыз –
Желбіреген туында.

Қайырмасы:
Орын берген төрінен Астанамыз,
Оқушылар сарайы дастан-аңыз.
Осы жерден өркендеп бастамамыз,
Болашаққа сеніммен аттанамыз.

Әр күніміз тарих, дастан-аңыз,
Ел бізге елжірей қарайды.
Салтанатты сауық баспанамыз –
Оқушылар сарайы.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазушылар одағы

  • 0
  • 0

Қасиетті шаңырақ –
Жазушылар одағы.
Жыр алауын жағып ап,
Бастайын бір оданы.

Толық

Отырмын гүлді алаңда

  • 0
  • 0

Ысырып бұлтты аулаққа,
Күлімдеп көкте күн тұрды.
Күркіреп өзен тау жақта,
Бау-бақша қайта құлпырды.

Толық

Бастық пен басбух

  • 0
  • 0

Бір мекеменің бастығы болды,
Өзіне сай басбухы болды.
Төрт түсті қаламы болды,
Қаламы емес, амалы болды.

Толық

Қарап көріңіз