Өлең, жыр, ақындар

Жауынгерлер жыры

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2464
Әнін жазған Әліби Әбдінұров

Жауынгерлер – сенімді сергек жандар,
Сабырлық пен сақтықты өрген жандар.
Отанына мызғымас қорған болып,
Ел алдында адал ант берген жандар.
Жауынгерлер тәнімен шыныққандар,
Туған елін жанымен шын ұққандар.
Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным таппас,
Арайланып атсын деп тұнық таңдар.

Қайырмасы:
Жауынгерлер – қырандар,
Қайтпас, қайсар ұландар.
Жүрген кезде сап түзеп,
Сұлулардай сылаңдар.
Ел бірлігін жырлаған
Қасиетті ұрандар.
Жаса, жаса, ұландар,
Жауынгерлер – қырандар!

Жауынгерлер ерекше ерлегендер,
Жат пиғылға тізгінді бермегендер.
Тәтті ұйқыда жатсын деп, түн қатады,
Сәбилерін бесікте тербегендер.
Жауынгерлер тәртіпке бағынғандар,
Талапқа сай табанда табылғандар.
Елбасының Жолдауын – қолдауымен
Алға қарай арындап ағылғандар.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір асу бар арада

  • 0
  • 0

Арамызда бір күдік – сенбестік бар,
Арамызда бір үміт – сөнбестік бар.
Екі оттың оранған ортасында –
Арамызда, әйтеуір, дербестік бар.

Толық

Түлкі – құрылысшы

  • 0
  • 0

Бір Арыстан тауықтарды ұнатты;
Кемшілігі болды оның бір ғана:
Ғажап емес бұл жаңа!
Тауығында қора жоқ-тын тұрақты.

Толық

Бар тілегім бір сенде

  • 0
  • 0

Жаным-ау, жайдарлым,
Жарқырап жанасың жұлдыздай,
Көзіңнен айналдым,
Тартасың өзіңе құндыздай.

Толық

Қарап көріңіз