Өлең, жыр, ақындар

Әке тілегі

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1989
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Әкесі:
Айналайын түріңнен,
Айналайын тіліңнен.
Тамсандырып тұрсың-ау
Тамылжығын үніңмен.
Кіп-кішкентай құсым-ау,
Бақыттымын бүгін мен.

Баласы:
Әкеге ұқсап тудым ба?
Әке жолын қудым ба?
Еліктірген әуені
Көлдегі қаз, қудың да.
Менің үшін әдемі
Сылдыр үні судың да.

Ә к е с і:
Табиғатың – анашың,
Баурында сен баласың.
Құйқылжыған күй теріп,
Табасың бір жарасым.
Бұлбұл құстан үйреніп,
Әнін қайта саласың.

Б а л а с ы :
Аяладың әнменен,
Аяладың таңменен.
Тәтті әуенге беріле,
Тербетілген жан денем.
Еркелеткен еліме
Мен де ерке ән берем.

Ә к е с і:
Айналайын жан балам,
Айналайын ән балам.
Қыранымсың самғаған,
Жыр-әнімсің таңдаған.
Жұлдызым боп жана бер,
Әке жолын жалғаған.

Әкесі мен баласы:
Бақытымыз – әніміз,
Жақұтымыз – әніміз.
Ән болмаса өмірде,
Келісер ме сәніміз?
Қуат беріп көңілге,
Кел, шырқалық бәріміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сабырсыз

  • 0
  • 0

Кітап оқу дегенді
Ұғады інім өзінше.
Жатқа айтады өлеңді
Көпшіліктің көзінше.

Толық

Қаншық

  • 0
  • 0

Қой жоқ болса, итке сірә кім таңсық?
Итаяғы көптен беі тұр қаңсып.
Қожайыны қуды-дағы жіберді,
Содан бері қаңғыбас боп жүр қаншық.

Толық

Бақа

  • 0
  • 0

Көлдегі бір жәндік –
Бақылдаған бақа.
Айналасын ән қып,
Жатады күн бата

Толық

Қарап көріңіз