Өлең, жыр, ақындар

Елге сәлем

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 4391
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Ағайын, туған, армысың?
Қарттарым қыран, бармысың?
Қиядан көзді тартатын
Сендерсің құзар қарлы шың.
Ауылдың болса қарты бар,
Асқарлы таудай дәрпі бар.
Үлкенді сыйлап, құрметтеу –
Қазақтың ата салты бар.
Болсыншы аман атамыз,
Болсыншы аман апамыз.
Тілеген дәйім жақсылық
Болсыншы қабыл батаңыз.
Армысың, абзал ағалар,
Ағалар – жарқын жағалар.
Сендердей асыл болмаса,
Біздерді кімдер бағалар?
Армысың, ерке жеңгелер,
Жеңгелер – елге өң берер.
Береке, байлық бастауы –
Сендерге кім бар тең келер?
Армысың, құрбы-құрдастар
Сыр мінез, сырлы сырластар.
Сендердей сері болмаса,
Тамаша – тойды кім бастар?
Армысың, балғын інілер,
Ағалап алдан жүгірер.
Інісі кімнің бар болса,
Өнері өрлеп, ірілер.
Армысың, қарындастарым,
Ақтамақ қарлығаштарым.
Сағынып келдім сендерді,
Дарынды жалын жастарым.
Жалынды сәлем жалпыңа,
Бас ием ата салтыма.
Қуана қарсы алатын
Ырзамын туған халқыма.



Пікірлер (1)

Раяна

Өте күшті екен!

Пікір қалдырыңыз

Маскүнем мысық

  • 0
  • 0

Ауылда болды біреу Оспан деген,
Оспанның жұмысы жоқ жоспарменен.
Ертеден кешке дейін етік тігіп,
Қызмет көрсетеді дотарға ерен.

Толық

Дельфин

  • 0
  • 0

Халық жақсы біледі
Денесі зор дельфинді.
Көк мұхитта жүреді
Бұзып-жарып толқынды.

Толық

Таланттылар тасыған судай

  • 0
  • 0

Таланттылар тасыған судай,
Айналасын суландырғысы келеді.
Талансыздар ашыған удай,
Айналасын уландырғысы келеді.

Толық

Қарап көріңіз