Өлең, жыр, ақындар

Таразым менің

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6503
Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев

Күмбір де күмбір керуен –
Сырнайлы сыңғыр серуен.
Таразым жеткен бұл күнге,
Мыңдаған жылдар төрінен.

Қайырмасы:
Толқыса мөлдір Таласым-ай,
Арулар тапқан жарасым-ай.
Таразым менің жалғаған-ай
Батыс пен Шығыс арасын-ай,
Таразым-ай.
Таразым менің, Таразым,
Бақытқа бастап барасың,
Бақытқа бастап барасың-ай,
Таразым-ай.

Тараздық ұлы ғалымдар:
Дулати, Баласағұндар.
Тараздың перизаттарын
Жырлаған небір дарындар.

Қайырмасы.

Тараздың ашық аспаны,
Жарқ еткен жасын жастары.
Қарахан-Айша бибілер –
Ғашықтың асыл дастаны.

Қайырмасы.

Тарихы терең Таразым,
Түлеген қайта қаласың.
Бойыңда Жібек жолының
Мәңгілік нұр боп жанасың.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамылжыған табиғат

  • 0
  • 0

Тамылжыған табиғат –
Тіршіліктің тірегі.
Жоғалады жамиғат,
Соқпай қалса жүрегі.

Толық

Қысыр сиырлар

  • 0
  • 0

Бастық кәрін төгіп тұр,
Сиыршыны сөгіп тұр:
– Қарамайсың Сиырға,
Қысыры көп биыл да.

Толық

Түнгі тыныштық

  • 0
  • 0

Дала тыныш, ана тыныш,
Бесіктегі бала тыныш,
О, Жаратылыс!
Қала оттары сөнбеген,

Толық

Қарап көріңіз