Өлең, жыр, ақындар

Әке қолы

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1268
Қырларына гүл тұнып,
Кетті дала құлпырып.
Жайнар ма құм жондары?
Құстар әнін төгіп бір,
Ашпас еді өрік гүл.
Арықтар да аңырап,
Қалар еді қаңырап.
Бақыт емес,
Тек мұң-зар
Орар еді көп жылдар.
Әкем еткен еңбекке
Мақтанбаймын мен текке.
Қолдары оның қуатты,
Құрыш-болат сияқты.
Күнге күйіп шыныққан,
Шаршауды әсте ұмытқан.
Кешке мені құшқанда,
Бауырына қысқанда,
Әке қолы өзге бір,
Жұмсақ,
Әрі жеп-жеңіл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Марал мен дәруіш

  • 0
  • 0

Өлген лағын көз алдына келтіріп,
Жүрген Марал көңілі тым нала боп,
Тауып алып тоғайдан қос Бөлтірік,
Бауырына басты оларды ана боп.

Толық

Ауыл тақырыбы

  • 0
  • 0

«Көкқасқалар» құлайды шұбап төрден,
Аяңдайды қырманда Мұратберген.
«Туған ауыл» дейтұғын тақырыпта
Шығармадан «екі» алып, құлап келген.

Толық

Сәт сапар

  • 0
  • 0

Желпіндіріп жарқын жүзді жастарды,
Міне, жаңа оқу жылы басталды.
Сақадай сай студенттер қауымы
Бағындырмақ алда талай асқарды.

Толық

Қарап көріңіз