Өлең, жыр, ақындар

Менің жадым

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1110
Ойнай бермей, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Менің жадым – сыр сандық,
Ақылымның қоймасы.
Ата сөзін тыңдаймын,
Ана сөзін тыңдаймын.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істер қылмаймын.
Ертегі де оқимын,
Өлеңді де оқимын.
Бәрін, бәрін, бәрін де
Еске сақтап, тоқимын.
Көп киноны көремін,
Мультфильм де көремін.
Соның бәрін ұмытпай,
Еске сақтай беремін.
Тыңдап әнші әнін де,
Ұғып терең мәнін де,
Жаттап алып ілезде,
Қайталаймын бәрін де.
Өзімді-өзім баптаймын,
Оқып тыным таппаймын.
Жақсыларын жаттаймын,
Есімде ұзақ сақтаймын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс жалауы

  • 0
  • 1

Жеңіс тіпті оңайлықпен жеткен жоқ,
Дұшпан бізге аяушылық еткен жоқ.
Соғыс бітіп, талай жылдар өтсе де,
Қияметі бастан әлі кеткен жоқ.

Толық

Соғысқа қатысқандар

  • 0
  • 0

Соғысқа қатысқандар,
Алысып, атысқандар.
Жан беріп, жан алысып,
Азапқа батысқандар.

Толық

Жеңешем

  • 0
  • 0

Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.
Өзіңнен артық жан бар ма,
Жеңешем, менің жеңешем?

Толық

Қарап көріңіз