Өлең, жыр, ақындар

Орал

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 2
  • 21519
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы.
Арғы жағы - көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Асқар Орал - кәрі Алып күзет тұрған,
Күн мен түн арасында «Қытай қорған».
Денесі - тас, қарағай - қою мұрты,
Оң мен сол, түстікке ол мұртын бұрған.
Қарамай еш нәрсеге көзім тоқтап,
Келіп ем алыбымды аңсап-жоқтап.
«Ұйқы - дұшпан» деген сөз дұрыс екен,
Сол Алыптан етіппін түнде ұйықтап.
Кеш, Алыбым, жүзіңді көре алмадым,
Алдында иіліп сәлем бере алмадым.
Амал не, cap даладан сақ елші боп
Күзеттегі Алыпқа келе алмадым.
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Өлім - түн, өмір - гүлді Гун даласы.
Өмір менен өлімнің шекарасын
Ұйықтап озбақ ежелден жер баласы.
Екі дүние: күн мен түн, өмір - өлім,
Бірі - бесік, біреуі - даяр көрің.
Бала болып жата бер бесігінде,
Cap даланың еркесі - қазақ елім.



Пікірлер (2)

Мағжан Жұмабаев

Мен тірімің

Пікір қалдырыңыз

Заманымыздың ақыны

  • 1
  • 3

«Терезеге қараймын,
Қарындашты жалаймын.
Келтірем деп өлшеуге,
Сөздерді іштен санаймын.

Толық

Немере мен әжесі

  • 1
  • 3

-Айтшы, әжетай, көк деген не?
Теңбіл-теңбіл көктеген бе?
Жұлдыз көзін жымыңдатса,
Ай-әжесі: «Тек!»- деген бе?

Толық

Төбет

  • 1
  • 3

Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып,
Жауды біліп аңдыған.
Ac бермеді бәйбіше:

Толық

Қарап көріңіз