Өлең, жыр, ақындар

Өнер қарлығаштары

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4793
А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің 10 жылдығына

Бұл қазаққа арыдан
Сиқырлы саз дарыған.
Әншісі мен күйшісін
Бүкіл әлем таныған.
Құрманғазы атаң бар,
Күләштайын апаң бар.
Өрістеткен өнерді
Мұқан менен Ахаңдар.*
Балғын өнер бесігі,
Үлкен өмір есігі –
Бұл мектепке берілген
Жұбановтың есімі.
Өскелең ел жастары,
Қосылыпты бастары.
Қаулап шығып келеді,
Өнер қарлығаштары.
Ән мен күйге бөленген,
Аты шыққан өнермен,
Келешектің керемет
Саңлақтарын көрем мен.

*Бұл жерде Құрманғазы Сағырбаев, Күләш Байсейітова, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтар жайлы айтылып отыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рак

  • 0
  • 0

Рак деген кеселдің көкесі,
Ешкімнің қызған емес шекесі.
Рас, ракпен ауырған екенсің,
Кешікпей о дүниеге кетесің.

Толық

Аңдардың апаты

  • 0
  • 0

Бір алапат апат қысып аңдарды,
Ормандарды қаптады үн қамыққан:
Айқара есік ашылғандай тамұққа,
Өлім кезді тау мен дала, аңғарды.

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өзге тілге шырмалып,
Адасасың бірге сен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер