Өлең, жыр, ақындар

Қолқанат

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1443
«Біздің Болат қолқанат», –
Десе папам болғаны-ақ,
Тындырамын бар істі,
Тыным таппай жорғалап.
Көмектесем мамама,
Көмектесем ағама.
Жараспайды жалқаулық
Ақылы бар балаға.
Отынды да жарамын,
Дүкенге де барамын.
Үлкендерге осылай
Мен қолқанат баламын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата мен әжеме

  • 0
  • 0

Атамыз бар – дедушка,
Әжеміз бар – бабушка.
Немере деп қарайды,
Шашымызды тарайды.

Толық

Оқушылар сарайы

  • 0
  • 0

Біз – ерікті елдің жастарымыз,
Қол созған білім мен ғылымға.
Күн сәулелі ашық аспанымыз –
Желбіреген туында.

Толық

Қыз деген нәзік болсайшы

  • 0
  • 0

Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.

Толық

Қарап көріңіз