Өлең, жыр, ақындар

Айға алғаш ұшқанда

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1209
Қарашы гүл далаға,
Қарашы нұр қалаға.
Қуанышы қойнында,
Қарашы бар балаға.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Асқақтаған ән жапты
Астықты аймақ алапты.
Қырға шықсаң кез-келген,
Ғажайыпты көз көрген.
Қазағымның даласы
Танымастай өзгерген.
Кеше дала құм басқан –
Бүгін қала нұр шашқан.
Жеті қабат жұмбақты
Бізге құлақ түрді аспан.
Он айналып нұрлы Айды,
Зымыраным зырлайды.
Қуанышқа кенеліп,
От жүректер тулайды.
Алақанда Ай бүгін,
Жаз шуағын жайды күн.
Салтанатпен тойлайды,
Бақытты елім байлығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәлике

  • 0
  • 0

Айналайын қызымыз –
Артта қалар ізіміз.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Айдай жарқын жүзіміз.

Толық

Алфавитті танып ал

  • 0
  • 0

Әр әріпті танып ал,
Сөйлеп кетсе, жаны бар.
«Әліппенің» тұтқасы –
Алфавитті танып ал.

Толық

Тиін

  • 0
  • 0

Бай үйінде әшекейлеп ойылған,
Терезеге қойылған
Шығырдағы Тиінға
Таңдана жұрт қарады үлкен жиында.

Толық

Қарап көріңіз