Өлең, жыр, ақындар

Жел

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 37634
Жел - тым тентек бір бала,
Жан сүйгені - cap дала,
Дамыл алмай жүгіред.
Ерні өтірік қыбырлап,
Сыр айтқан боп сыбырлап,
Кейде аң боп өкіред.
Желге еш нәрсе тең емес,
Тау да жолын бөгемес,
Сақ-сақ күліп секіред.
Жүйрік желім тым сотқар,
Біреу бетін жапса егер,
Әдейі бетке түкіред.
Мазасы жоқ жел ерке,
Оянып ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Тыныш жатқан түс көріп
Көлдің бетін кестелеп,
Оны әуре етеді.
Кәрі орманды оятып,
Бірдеңе деп жұбатып,
Жымиып күліп өтеді.
Жұрттан ойын жасырып,
Алқынып өзі асығып,
Қарақат көзге жетеді.
Дем ала алмай асығып,
Күрсініп ауыр, бас ұрып:
«Саған, сұлу сәулеге
Келдім ұшып, ғашықпын.
Бір сүюге асықпын,
Мойның бұр мендей әуреге!»-
Деді де, сүйіп көзінен,
Шашы, алма жүзінен,
Қол жіберді кеудеге.
Бақыттысың, еркежан!
Уа, дариға, Жасаған,
Жел емеспін мен неге?!



Пікірлер (5)

отпен ойнауға болмайды

сумен ойнама

Арай

отпен ойнауга болмайды

Жазира

Өөөөтееее күшті.
Былай айтқан себебім оның барлық өлеңдерінің мағынасы бар.
Сендердің 91 тобына қарағанда.
Бұл топты қатыстырғаным үшін кешіріңдер.
Бірақ айту керек болғанда айтқан жөн деп ойлаймын.

Айбек

Күшті рахмет

Пікір қалдырыңыз

Есімде… Тек таң атсын

  • 0
  • 0

Ол күнді ұмытқам жоқ, әлі есімде,
Таянып келгенінде күн бесінге,
Кең дала ұқсап тұрды қол тимеген
Керілген кербез сұлу ақ төсіңе.

Толық

Қойлыбайдың қобызы

  • 1
  • 24

Ертеде ел бар екен калын Найман,
Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.

Толық

Сәуле

  • 1
  • 2

Көрісе алмай зарығып,
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі - көңіл мас.

Толық

Қарап көріңіз