Өлең, жыр, ақындар

Сайыс бар ма?

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 926
Сайыс бар ма?
Сәйгүлігін баптайды,
Қалай қайрат бір жұлқыспай тоқтайды.
Жиырма бестер дамылдауды білмейді,
Жиырма бестер түнде де ұйықтап жатпайды.
Жүрек деген алып-ұшып соғады,
Толқындардай ұрған жартас, жағаны.
Жиырма бестер шырқау биік шыңды асып,
Жиырма бестер жұлдыз болып ағады.
Жиырма бесте табар адам мұратын,
/Осы шақ қой үй-тұрмыста құратын/.
Жиырма бестер біле білсек өмірге,
Көрік беріп,
Желік беріп тұратын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана тілегі

  • 0
  • 0

Балам,
Балам,
Көз нұрым, қарашығым,
Анашың жиды өзіңе бар асылын.

Толық

Жиырма беспен сырласу

  • 0
  • 0

Ей, жиырма бес, қош келдің,
Ақтарайын сырға сыр,
Қайтайықшы гүл теріп, меніменен қырға жүр.
–Не тындырып, не қойдың маған дейін, – дейсің бе,

Толық

Аққулармен қоштасу

  • 0
  • 0

Аяқталғаны-ау қыс мына,
Аққулар кетті ұшты да...
Хош оралғанша.
Іздеумен үзіп өңменді,

Толық

Қарап көріңіз