Өлең, жыр, ақындар

Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 10
  • 46097
Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпесу
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік елсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.



Пікірлер (10)

софия

оте жаксыы екен маган каттын унады

Дикош

Оте жаксы

Айтолкын

Оте керемет

Назерке

Керемет

Науша

Өте керемет, маған қатты ұнады, менің сүйікті ақыным Абай Құнанбаев және Мағжан Жұмабаев

Myrza

Керемет

Myrza

Керемет

Aizere

Өте керемет өлеңдер.Маған Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев ,Ахмет Байтұрсынұлы , Мұқағали Мақатаев, Ыбырай Алтынсарин.Маған осы ақындардың өлеңдері өте қатты ұнайды

Aizere

Өте керемет

Нұлан

Мағжан Жұмабаев Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға өлеңі маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Александр Блок

  • 0
  • 0

Александр Блок –
Мәңгі жас жүрек
Үмітін бір үзбеген.
Батып алтын ойға,

Толық

Бұлбұл

  • 1
  • 1

Сайрайсың мұңды күймен жүз құбылтып,
Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып.
Денені суытасың, ысытасың,
Тұрасың маужыратып кейде жылытып.

Толық

Сәлем хат

  • 0
  • 2

Сәлем сөзім алыстағы еліме,
Алыстағы ақ селеулі беліме.
Айдан да айқын сендерді іздеп қайтуым
Күнім бітіп, кіргенімше көріме.

Толық

Қарап көріңіз