Өлең, жыр, ақындар

Ана

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 23
  • 114581
Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошьшып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады.



Пікірлер (23)

Амина

Керемет унады

Назым

Өте керемет өлең

Аида

Оте кушти . Ананын сезимин тамаша жеткизген . Ризамын.

Асылай

Өте кушті

Бакдаулет

Кате, уйкас жок
Уйдин иши уйкыда
Тун ортасы шамасы
Бесикте ауру бобекти
Тербетип отыр анасы

Лола

Жақсы

Гулнур

Өте керемет тақпақ Мағжан Жұмабаев өте керемет жазыпты.Ойы анық қанық жетіп тұр.Керемет тақпақ.Анама жаттап оқып беріп едім қуанып қалды.Мағжан ата сізге көп-көп рахмет осындай тақпақтарыңыз көп болсын Есімім Гүлнұр Тағыда Рахмет сізге.Рахмет!

Сабина

Аналарга арналган керемет олен екен!

Мухамеджанова Айгерим

Создин майын тамызып, айтар ойын анык жеткизетин казактын мандайына биткен биртуар азаматтарынын бири - Магжан Жумабаев.

Қайралы Гүлсезім

Мен сізге тәнтімін Мағжан Жұмабаев

Жұмашова Салтанат

Өте күшті өлең.

али

сегізінші наурыз анама қатты ұнайды деп ойлайм

Айгерім

ана өленінде үиқас жоққои
үиқасы бары кімде бар беріңдерш пж

Гулбахар

Ризамын

еңлік акимхан

ән кушты екен

еңлік акимхан

оте кушты олен екен

еңлік акимхан

оте кушты олен екен магжан жұмабаев+++

Бейсек

Мағжан Жұмабаевтың Ана туралы өлеңі маған ұнады

Айша

Мағжан Жұмабаевтың Ана өлеңі ұнады

Арайлым

Өлең үйлеспейді ғой

Марғұлан С

Мағжан мықты ақын!

Аяжан

Ана туралы өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Батыр Баян

  • 0
  • 0

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Толық

Күз

  • 1
  • 6

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.

Толық

Әйел

  • 1
  • 6

Қылмыстан жазып Тәңіріге,
Қарсы келіп әміріне,
Қуылды Адам жұмақтан.
«Қайт,- деген,- қара жеріңе,

Толық

Қарап көріңіз