Өлең, жыр, ақындар

Өмір дейтін

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 12
  • 39139
Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да.
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.
Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам,
Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам.
Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан,
Секем алған киіктей аңдап тұрам.
Аттай жүріп өмірдің баспалдағын,
Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның.
Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен,
Көмейімнен лапылдап, шашқан жалын?!
Жоқ сөндірмен, сөндірмен, жыламан да,
Қуаныштан мұң жуық тірі адамға.
Дариясы өмірдің шайқалмайды,
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға.
Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып,
Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік.
Бөліп-жарған қайсыбір қуаныштан,
Ойландырған оңаша мұңым артық...



Пікірлер (12)

Абылай

Өте əсерлі жазылған өлең

Диана

Мен осы Мұқағали атам алғысым шексіз дəл қазір Мұқағали атама алғысым шексіз дəл осындай өлеңдерін тыңдап журіңіздер

әли

тамаша жаттап алуға ыңғайлы

А

Қазақ ақын-жазушыларына ешкім жетпейді

Айбол

Өте әсерлі жазлған

Бахо

Жақсы бірақ
Маған əлі жетпейді құдайдың да деген жері дұрыс емес
Алла бəрінен үстем біз оның құлымыз

бейбарыс

маган катты унайды осы олен ойткени шабыт пайда болады
отбасы жайлы айтылган оте керемет екен маган унады оте керемет екен маш Аллах бирак маган али жетпейди Алла баринен устем улкен биз онын кулымыз Алла кереметкой ширкин Инша Аллаз елимиз аман болсыншы Аумин

Жәнібек

Атамыздың өлеңдері өте керемет.

А

Маған ұна************ мен білмеймін

А

Ұнады ашық сабақта айтам❤

Myrza

Өте керемет

Ерлан

Мұқағали Мақатаев мықты ақын

Пікір қалдырыңыз

Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында

  • 1
  • 2

Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында,
Ала қарға, қарқылдайды...
Нендей сиқыр бар мұнда?!
Көгершіндер, шымшықтар-ау...

Толық

Ол менде жоқ

  • 0
  • 1

Жеңілдетер еңбекті машина ойлап таппадым,
Кітапхана, аурухана сал деп
сыйлық тартпадым.
Америка даңқында ерлігім жоқ еске алар,

Толық

Сырқат сыры

  • 1
  • 2

Тағы, міне, таң да атты.
- Сырқатыңыз салмақты...
Ішкен шарап, жеген ет,
Баурыңызды жалмапты.

Толық

Қарап көріңіз