Өлең, жыр, ақындар

Бір тал жусан

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1068
(Зейнолла Қабдоловқа)

Әрбір сөзі жыр болып,
Әлдилеген халықты.
Академик Қабдолов,
Сырқаттанып қалыпты.
Мереке інім жол бастап,
Көңіл сұрай барғанда.
Ұлы ұстазым жаны асқақ,
Ұқсап кетті Абайға!
Қарсы алдымда әулием,
Кестелеген сөзден зер.
Мен алдында бас ием,
Өз ұлың ғой өскен ел.
Не сыйласам данаға,
Жарасар-деп,қысылдым.
Жылойдан-деп,жан аға,
Бір тал жусан ұсындым.
Жарқ етіп нұр жанары,
Сәуле шашқан таңымдай,
Қуанып бір қарады,
Көңіл оты жалындай.
Исін-ай!-деп,әкелген,
Жұпарын кең даламның.
Ой әлемін көтерген,
Сырын ұқтым дананың.
Тапқандай боп бір емін,
Алыптың нар жанына.
Тулағаны-ай жүрегім,
Шапағатқа малына.
Әрбір ізі гүл болып,
Әрбір сөзі жыр болып,
Үні болған халқымның,
Мәңгі жасар Қабдолов!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүйсеке ата мешіті

  • 0
  • 0

Ұрпаққа имандылықтың желін есіп,
Бойына құя білген жігер нәсіп.
Япыр-ай, құлатардай не жазды екен,
Дүйсеке Атам салған сұлу мешіт!

Толық

Политрук Клочков

  • 0
  • 0

Дубосеково разъезі,қырғын соғыс алаңы,
Тарих өзі ұрпаққа естіртеді бұл лаңды,
Маңдай терін қинала,құйыттай село төгіп тұр,
Қорғау үшін киелі,Мосвкадай қаламды.

Толық

Төле би

  • 0
  • 0

Қара қылды қақ жарып,
Әділдіктен нұр жағып.
Ынтымаққа жар салып,
Имандықтан сый тартып,

Толық

Қарап көріңіз