Өлең, жыр, ақындар

Жәлімбет Қосым ата

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1169
Ешкім бақыт сыйламайды қиядан,
Отан анаң басталады ұяңнан.
Кім өсірсе ұл мен қызын әдепті,
Сол өмірден өшпес мәңгі сый алған?
Бітік өссе өзің еккен егінің,
Теңіздердей шалқып асау көңілің,
Қуанарсың таңдай жүзің нұрланып,
Пайдасына жарадым деп елімнің.
Тыңдамаған ал ақылмен әкесін,
Қайдан, сірә, елдің жүгін көтерсен.
Ондай ұлың болса іштей күйініп,
Дүниеден өкінішпен өтерсің.
Тамырына арақ – шарап ұялап,
Өз – өзіне жасап қолдан қиянат,
Азғындықтың түскен қара жолына,
Имансызда болмас,сірә,ар – ұят.
Түзе, түзе сондықтан да әуелі,
Бесігіңді кие толы, мәуелі.
Асыл бабаң айтып кеткен сен үшін,
Армен ыстап асқақ жырын әдемі.
Үлкеніне қасиеттеп бас тартқан,
Былғанбасын бабаң сүйген дастарқан.
Арақ, шарап улы судан аулақ қыл,
Ұрпағыңа адастырып тас атқан!
Сыйламасаң қазір бастан ел салтын,
Жалғыз қалып дей бер босқа адастым.
Құла түзде тонағандай арыңды,
Бой көтертпес мәңгүрт деген албастың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара шүңгіл әулие ата үні

  • 0
  • 0

Әсем сазын туған жерге арнаған,
Кел, кел бермен жақындашы жан балам.
Осы жерден өтіп сансыз керуен,
Азияңды Евразияменен жалғаған.

Толық

Әжелер үні

  • 0
  • 1

Біз майданға найза алып аттанбадық,
Ар киесін қадірлеп ақтан тағып.
Тоздырмастан бабаңнан шаңырағын,
Адалдықтың антынан аттамадық.

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Абдырадым мен өзіңді таба алмай,
Қай жердесің асыл баба Еркебай.
Құлыптас жоқ бәрі құмға айналған,
Ғасырлардан жетпей қалған хаттардай.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер