Өлең, жыр, ақындар

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 11
  • 35206
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,
Тұмар құсым кеткен-ау тырнағында перінің.
(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)
Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,
Көзді ашып-жұмғанша көсеуін ап қолына
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.
Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,
Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,
Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,
Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.
Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,
- Қарлығашым, қайта орал мекеніңе, шошыма.
Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,
- О, бәтшағар өмір-ай, өмір дейтін осы да!..



Пікірлер (11)

махамбет

бұ емес бұл ғой

нурила

иə, бұл өлең маған ұнайды. Сіздергег меніе ұсынйысым да бар. Бұл өлеңнің ашылу тарихын да жазыңыздаршы.

Мұрат Өмірзақов 2004

Өте керемет өлең екен, маған ұнады

мурат 2004

Кереметт

Аййда

Бұл өлен əдемі адамнын жауын алайды басқасына ұнамаса маған ұнайды

Айгерим

Күшті
Если чо бұл өлең емес қара сөз

Жалғас

Өте керемет

Аделя

Маған қатты ұнады!
Сіздерге көп-көп рахмет!
Маған зор көмегі тиді,бірақ бір жерінде қате кетіпті "бұ" емес,"бұл" шығар!?

Мерейка

Бұл өлең өте керемет жазылған

Меруерт

Өте керемет
Өте мағыналы

Апше

Керемет болды

Пікір қалдырыңыз

Қар жауып тұр

  • 1
  • 8

Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!

Толық

Таң алдында

  • 1
  • 4

Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен,
Табандап жатып апты етпетінен.
Күн түнге таңнан хабар айтып еді,
Жұлдыздар үркіп кетті бет-бетімен.

Толық

Зоопаркте

  • 0
  • 0

Тал өсіп тұрушы еді ақ бастауда,
Ақ шымшық қонатұғын ақбас талға.
Аңырып, шуылдасып қалатынбыз,
Ақ тұйғын ақ шымшықты ап қашқанда.

Толық

Қарап көріңіз