Өлең, жыр, ақындар

Ақындықтан айырмасаң болғаны

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1031
Аспан алыс, бет-ажары жабық күн,
Аяз гулеп, елшісіндей тамұқтың.
Соңғы кезде сезім түгіл, мен тіпті,
Өмірімнің өзінен де жалықтым.
Айналаны аппақ суық қар жапты,
Жыр жаздырар күздің күні тарқапты.
Бақытың да, жақұтың да қажетсіз
Сұңғақ сырлы сағыныштар шаршатты.
Асау өлең тастап кетті, жаяумын,
Жан мұңымды енді кімге жаярмын?!
Құрсын бәрі, шындығы жоқ шырт өмір,
Тұншықтырып, таусылуға таяумын.
Өзің болсаң , жүрсің әлі шалғайда,
Жыл құсындай хабар берсең болмай ма?
Дымды ұқпаймын, ұғындырар біреу жоқ
Бақыт деген босағама қонбай ма?!
Қытымыр қыс, бала кептер қорексіз,
Айқын бәрі, тек сен ғана дерексіз...
Адалдығым Алла білер кім үшін,
Сүйгенім де, күйгенім де керексіз.
Үмітімнің үзілді ме жолдары,
Осы ма екен ғұмырымның солғаны?!
Тағдыр мені, отқа таста, суға сал,
Ақындықтан айырмасаң болғаны...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі сенің қолыңда

  • 0
  • 0

Шырынына шабыттың жұбанғаным,
Дүниенің сиқырын ұға алмадым,
Бәрі сенің қолыңда білесің бе
Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным.

Толық

Жоқсың сен

  • 0
  • 0

Жоқсың сен
Алаңда, көшеде,
Жанымда жоқсың сен.
Бәлкім шын көксің сен.

Толық

Бір сұрағым бар еді, апа

  • 0
  • 0

Бір сұрағым бар еді, апа
Жер сазарып сараңдықтан
Сый сұрадым балаңдықтан.
Бір жан таппай санамды ұққан

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар