Өлең, жыр, ақындар

Мен ақын боп сөйлеп тұрып мінбеден

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 855
Асқан жүйрік жылдарыңа не істерсің?
Аянышты әлсіреген үнменен:
«Жастығымды, мастығымды кеш» дерсің.
Мен ақын боп, сөйлеп тұрсам мінбеден.
Жақындарсың, қызық қашып жүзіңнен,
Жалыныңды жылан жұтып қойғандай.
Табысқандай бар ғұмырлық күзіңмен,
Құштарлық жоқ тіршілікке тойғандай.
Мен тұрармын жарқын-жарқын жыр оқып,
Өлеңдерім қыран құстай шарықтап.
Тәңір сөйтіп талабымнан сыр оқып,
Сығырайған жыртық-жамау жарық қап.
Өткеніңнен құтылардай тығылып,
Амал қанша, саған сорлар сыбырлар.
Тәкәппар кез табаныма жығылып,
Шарап сүйген еріндерің қыбырлар.
Шын жыларсың, Алласыздық – зымиян.
Сосын күліп, ойнағандай жынменен.
Саған емес, мен басқаға жымиям,
Ақын болып, сөйлеп тұрып мінбеден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілім өгей

  • 0
  • 0

Тілім өгей,
Салтым қалмай сақтаған,
Шарасыздық шырмауында ашындым.
Шүлдірлеген білгірлері қаптаған,

Толық

Сағыныштың соқпағы

  • 0
  • 0

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сиып.
Аппақ сезім лайланып харамға,
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.

Толық

Ең сүйікті адамым

  • 0
  • 0

Жұбанбаймын, сені де жұбатпаймын,
Көздеріңнен көз алмай тесілемін.
Жалындыру дегенді ұнатпаймын,
Кешір десең, бәрін де кешіремін.

Толық

Қарап көріңіз