Өлең, жыр, ақындар

Сағыныштың соқпағы

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1154
... Бір меңіне Самарқанд пен Бұхараны берер ем...
Саади.

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сиып.
Аппақ сезім лайланып харамға,
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.
Көлеңкемді құша бердім тіреу деп,
Өпкем симай, өзді-өзіммен егестім.
Шаһар түгіл, баһор сыйлар біреу жоқ,
Бәлкім мен де түрік қызы емеспін.
Махаббатым мазақ болып түндерге,
Жасым менің у біткеннен ащырақ.
Өлеңімді әлің келмей күндеуге,
Қарт қызғаныш, бұл қаладан қаш жырақ.
Сосын мен де бұл қаладан кетермін,
Бәрін қойшы момақан күн бермеген.
Шабытымды бірде жарқын етермін,
Зілзаладай бойын ашу кернеген.
Иранға ма, тіпті одан да әріге,
Сәтсіздіктің көбін мұнда қалдырып.
Үмітпенен оянар ем сәріде
Сағынышты соқпақ жырдан салдырып.
Көзім жұмбай Ай қалпағын түргенше,
Күнді күтіп салмақтанып, сылтыған.
Бір қалада тұрып, іздеп жүргенше,
Көк теңіздің ар жағынан ынтығам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Енді маған бәрібір

  • 0
  • 0

Енді маған бәрібір сүйгенің де,
Сүймегенің, келгенің, келмегенің.
Сағыныштың отына күйгенімде
Оралмадың, жаныма келме менің.

Толық

Сегіз аяқтың ізімен...

  • 0
  • 0

...Анадан алтау,
Атадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,

Толық

Сағындым сені

  • 0
  • 0

Сағындым сені,
Жалғыздық бұрап
Бөскіл мұңдардан шаршадым.
Қайтермін бірақ?

Толық

Қарап көріңіз