Өлең, жыр, ақындар

Ең сүйікті адамым

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1577
Жұбанбаймын, сені де жұбатпаймын,
Көздеріңнен көз алмай тесілемін.
Жалындыру дегенді ұнатпаймын,
Кешір десең, бәрін де кешіремін.
Күткенімді ұйқысыз түндерімді,
Балалықтың ең соңғы баспалдағын,
Басқа жанға сыйланған гүлдерімді,
Жан ұшырған жанымның қасқалдағын.
Кешіремін, кешірмей не етем дейсің,
Жыр жазатын таңдарды бермегенің.
Жалын демің бәрі бос, бөтендейсің,
Келгенің не, ендігі келмегенің.
Сезімі жоқ далбаса бір күштідей,
Жүрегімді жазықсыз жараладың.
Жарты ғасыр ғұмырлы білгіштердей,
Бар өмірді өзіңше сараладың.
Бақсыз мен бе? Жынданып кетпегем де,
Мұңлы, мұңсыз келемін сатылармен.
Сен бұлайша бақытсыз етпегенде,
Мен осылай жыр жазып отырар ма ем?!
Мазалайды бірдеңе, бәлкім үміт,
Ерем деймін, айтылмай әнім қалды.
Баяғы аңғал қызынды, халқым, ұмыт,
Ең сүйікті адамым жанымды алды.
Жаным жоқтай тәнім бос тырмысады,
Сезім қайда, сабылтар бар денемді.
Күндер үнсіз, көңілсіз жылжысады,
Мен жүремін таба алмай әлденемді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар төзімім таусылып

  • 0
  • 0

Бар төзімім таусылып,
Жан сезімді ұшырдым.
Елесіңді қаусырып,
Келмесіңді түсіндім.

Толық

Сен ұмытқан шақтарда

  • 0
  • 0

Сен ұмытқан шақтарда
Сағынышты күн кешкем.
Жалғыз қалып бақтарда
Мұңмен ғана үндескем.

Толық

Өмір маған, жан әке, керек емес

  • 0
  • 0

Жабырқаймын, мұң ғашық кезім бе еді?
Сенің бейнең елітіп елестердей.
Балаңдықпен бақ қуып, сезімге ердім,
Қайғы барын өмірде мен ескермей.

Толық

Қарап көріңіз