Өлең, жыр, ақындар

Құштарлық

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1231
Жырым түгіл, осы сәт сөзім артық,
Шамданбай-ақ шабытым шешінеді.
Бір жұлдыздың ілкіде көзі тартып,
Шала ұйқылы мас бұлттар есінеді.
Жел сағымды қуады әмір жүрмей,
Тамшылары аспанның жасқа айналып.
Бір құмарлық көкте ұшты, тәңір күлмей,
Тыйымдардың тізбегі тас байланып.
Бір құмарлық биледі, ұялмады,
Бір тірлікке құл болып құлақкесті.
Мұхиттардың маңайын қиялдады,
Құштарлықтың қапасын бұлақ кешті.
Бір арманда сыбызғы сарыны бар,
Әңгімеге шақырып ән біткенді.
Бас көтерді бір жолдар орыны бар.
Алдай берді ақшабақ тән біткенді.
Күткенімен мәртебе жуықтамас,
Құмарлықты тербетер бесік жоқ па?
Табиғаттың тапқаны суық қарас
Бір ғашықтың жанары есік жақта.
* * *
Құштарлығым құрдымда құрығандай,
Жылулық жоқ онсыз жер сұры қандай?
Жастық шақтың күндері кідірместен,
Қол бұлғайды бірінен-бірі қалмай.
Қарамайтын далаңа, тау қарыңа,
Сатылмайтын алтынға, гауһарыңа,
Сүйкімді боп сызылар күнім сырғып,
Тағдыр менің төнгендей қауқарыма.
Бір әуен жүр ішімде сөздері жоқ,
Шабыт шыр-пыр шырылдап төзгені көп.
Өлеңімнің әр жолы әрбір жақтан,
Тауып жатыр бір-бірін өздері кеп.
Өлең болды қысқаным, құшқаным да,
Бар әлемнен айныған тұстарымда,
Мұнар болды жерлік жан сыңар болмай.
Ынтық көңіл ынтасы тысқарыда.
Қиял арман қуысып, шақырыспай,
Зекет сұрап, заман тұр бақыр ұстай.
Есім де жоқ кешім жоқ мен жүремін,
Түсімде де, өңімде нақұрыстай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кәрі Каспий өзіне қаратады

  • 0
  • 0

Кәрі Каспий өзіне қаратады,
Бір сыр бағам.
Сіз жайлы айтар ма еді?!
Толқындарды үздіксіз жаратады,

Толық

Сезімім жанарымда жағыла мың

  • 0
  • 0

Сезімім жанарымда жағыла мың
Бір жүрген сол күндерді сағынамын.
Көңілде қуаныштан мұңым басым,
Сен неге көрінбейсің, табынарым?

Толық

Шаршадым

  • 0
  • 0

Шаршадым
Шабыт көп азаптап.
Бақыт жоқ, мазақ қап.
Сен сағым

Толық

Қарап көріңіз