Өлең, жыр, ақындар

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1671
Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?
Кім кінәлі махаббатқа кешіккен?!
Отырғанда сен біреуді аймалап,
Күткеніме көзімді алмай есіктен.
Кім кінәлі саған деген сезімге?
Өртер жиі қалғанымен таңда ұйып,
Сен бақыттан балбыраған кезіңде,
Мен отырдым сағыныштан сан күйіп.
Кім кінәлі?
Сен бөтенмен күн кештің,
Маған ессіз ғашық болған қалпында,
Ал мендегі ұғына алмас жырды ешкім,
Бәлкім, оқыр қалған қазақ артымда.
Жанарымда сол баяғы сауал құр,
Жауабы жоқ жолдар жатыр айырық.
Неге біздің арамызда қамал тұр,
Үміттерді айырып?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлазытты түсі көк

  • 0
  • 0

Құлазытты түсі көк,
Қала кеші қайыңды.
Күз елемес ісі жоқ,
Мендей масаң шайырды.

Толық

Көктемімнен кеш қалып

  • 0
  • 0

Сен жайлы ойлар таусылар емес мүлде,
Сағынышым төзімді сарқып бітер.
Күлкі күндер жоғалып, елес түн де,
Тек таңдар бар әл бітіп қалғып кетер.

Толық

Кей сәттерде

  • 0
  • 0

Көңіл күйім күңгірттеу, қайтыңызшы,
Көздерімнен жан сырым сезілер тым.
Сіз қайтушы едіңіз, айтыңызшы,
Кей сәттерде бәрінен безінетін?!.

Толық

Қарап көріңіз