Өлең, жыр, ақындар

Тілегім қайда менің көкке өрлеген

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 2
  • 19469
Тілегім қайда менің көкке өрлеген?
Жүрегім қайда менің кек кернеген?
Жүремін неге бұлай бөктерде мен?
Білемін...
Тек терлегем, тек терлегем.
Апырмай, бәрі бітіп қалғаны ма?!
Жеткізбей арманыма, алдағыма.
Аяй гөр, арманым-ау - ардағым-ау!
Үзілген үмітімді жалға мынау.
Жүргізбе мені бүлай бөктерменен,
Алып өт асқарыңа өткелменен.
Тілегім бөктерменен шектелмеген,
Алдымда өмірім бар өткермеген.
Жанымда жалын барда, қиял барда,
Аядай аулаға мен сыя алғам ба?
Аяшы, ая мені, ардағым-ау,
Апарып таста мені қияндарға.
Сырқаттанып жүргенше сызда қалып,
Өлсем де өлейін мен құзға барып.
Мұзға барып құлайын, құздан ағып,
Сөндірейін отымды мұзға малып.



Пікірлер (2)

Арапбай Айша Нүркенқызы

өте керемет

Динара

Мұқағали Мақатаевтың Тілегім қайда менің көкке өрлеген өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Әке сөзі

  • 1
  • 8

Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті?
Ой! Балам!..
Қызығым-ау, бұзығым-ау,

Толық

Мұздама, жылы жүрегім

  • 1
  • 2

Дәрменсіз, ойсыз шарқ ұрып,
Қалғанша қатып қайғыға.
Дариям бітіп, тартылып,
Кіргенше өлім койнына.

Толық

Қасқырға

  • 1
  • 2

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?

Толық

Қарап көріңіз