Өлең, жыр, ақындар

Сергей Есенинге

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 2
  • 4
  • 49608
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.
Мен-дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
(Менің де өкіндіре өткенім көп)
Атқа міндім, алысып, теппедім доп.
Мен-дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,
Иектейді мені де «Қара кісі».
Мен де сендей, Серега, күнәдамын,
Жыр азабын тартамын, тіл азабын.
Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,
Қайда барсам - қасымда Рязаным...
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.
...Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем де болмайды, емдесем де.



Пікірлер (4)

Айша

Өте керемет тек таға көп өлеңін шығарсаң . Мысалы : хат армысыңдар адамдар

Айдана

Айша, ол өлеңдер бар. Мұқағали Мақатаев деген жазуды немесе Мұқағали Мақатаевтың суретін бассаң шығады

Myrza

керемет

Бекзат

Мұқағали Мақатаевтың Сергей Есенинге өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Тау бұлағы да ағады

  • 1
  • 4

Тау бұлағы да ағады,
Ой бұлағы да ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
Бірі жылжып барады,

Толық

Майгүлге

  • 1
  • 9

Қалақтай едің,
Қабірінде қалақ тұр.
Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.
Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып,

Толық

Көрерміз

  • 1
  • 2

Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз.
Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз.
Есеп берер күн де болар ұрпақтардың алдында,
Мықтымсыған мырзаларды, бәлем, сонда көрерміз.

Толық

Қарап көріңіз