Өлең, жыр, ақындар

Әйелдерай-әйелдер

Әйелдер -ай әйелдер.
Жүрегіне сыйдырып ап басқаны,
Ері үшін жадырады жас жаны.
Қандай бақыт отбасыда күлімдеп,
Ойда жоқта қонақ келсе сасқаны.
Күлімдейді көңіл бөлсең азырақ,
Шай береді дастарханын жазып ап.
Әйел деген бар тірліктің тынысы,
Бүкіл әлем тұрса дейді жадырап.
Махаббатқа адал болып келеді,
Ерлеріне жан-тәнімен сенеді.
Бағалай біл айналайын ерлерім,
Бағаласаң шын бағаңды біледі.
Жасырмаймыз өтірікті айтамыз,
Қыздарменен қыдырып ән айтамыз.
Ортасынада әңгімелеп әркімді,
Ал өзіміз тап-таза боп қайтамыз.
Шіркін Әйел нәзік жанды жүректі,
Әйелдерсіз ерлеріміз жүдепті.
Аман болсын,адал болсын әйелдер,
Ер дегенім әйелдерді күн етті.
Әйел барда айналамыз гүлденер,
Әйел барда аузымызға ән келер.
Әйелменен бүкіл әлем әдемі,
Әйелдермен жердің беті сәнденер.







Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз