Өлең, жыр, ақындар

Сарыжайлау

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 2
  • 8
  • 66327
Жазира, жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім,
Салқын самал - баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым.
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем.
Басқаның жерұйығын неғыламын,
Жерұйығы - өзімнің қасымда екең!
Қайырмасы.
Жадырап жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.
Қайырмасы.
Жанымды жырға бөлеп, тан, атырған,
Әкем едін, ақ таңда жаратылған.
Төліңнен айналайын жаңа туған
Айналайын еліңнен дара туған!!!



Пікірлер (8)

Гулбаршын Рахимбекова

Өте жақсы Бірақ маған əні керек еді

Ерзат

Керемет . Рахмет

Сəбитбек Ақерке

Өлең шумақтары керемет

Қанат Айдосов

Өте керемет ән

Айару

Менде айттам

Еркеназ

Мұқағали Мақатаев - Сарыжайлау Өте керемет өлең♥️

Ғани

Әдемі өлең!

Бақытжан

Өте әдемі өлең! Шумақтарын қатесіз әдемі жазған!

Пікір қалдырыңыз

Әкеме

  • 1
  • 12

Сонымен құладың ба, тас қамалым,
Қалмады күйініштен басқа амалым.
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Толық

Жаман өлең

  • 1
  • 2

Бәрібір қарауылға ілінгенсің,
Білгіштің айтуынша «бүлінгенсің»
Жаман өлең жазайын Петефише
Жамандасын білгішім, күнін көрсін.

Толық

Жұмбақ

  • 1
  • 5

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер