Өлең, жыр, ақындар

Не жетпейді?

  • 23.04.2015
  • 1
  • 4
  • 22920
- Не жетпейді?
Құлпырған маңайың гүл,-
Деп маған,
Ырза болмай, ағайын жүр.
Жаным барда, бойымда қаным барда,
Жырымнан жан ашуын алайын бір.
Бәрі де бар...
Басымда бәрі де бар.
Жан емеспін жарымжан дәріге зар.
Жетпейтіні - жүректің әні болар,
Бақыт, бақтың тарыдай дәні болар...
Қалғанының бәрі бар бір басымда,
Әлі талай жараймын қырды асуға.
Жетпейтіні - досым аз сырласуға,
Өмірім аз, жетпейді бір ғасырға.
Күрсінгенім болмаса анда-санда,
Көз жасымды қақым жоқ көл жасауға.
Аздығы да ғұмырдың алаңдатпас,
Міндетті емес ақындар көп жасауға.
Кім айыптап, сыртынан кім күледі,
Содан болар жырдың да жүнжігені.
Адам жырлап тұрғанда, заман жырлап,
Керегім де жоқ шығар кім біледі?!



Пікірлер (4)

Арайлым

Маған бұл өлеңдері қатты ұнады

Курал

Маған да ұнады

Дәулеткерім Аружан

Бұл өлеңде ешқандай нәрсе өзгермесін

Сара

Не жетпейді? ұнады

Пікір қалдырыңыз

Шұбат пен бота

  • 1
  • 4

Ac артынан,алдыға шұбат келді,
Біреу татып,біреулер сынап көрді.
«Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.

Толық

Өтелер ме?

  • 1
  • 3

Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына

Толық

Арулар

  • 1
  • 9

Арулар - асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,

Толық

Қарап көріңіз