Өлең, жыр, ақындар

Ей, жас жігіт

  • 01.05.2019
  • 1
  • 2
  • 40281
Ей, жас жігіт,
Көпті көрген бізге сен
Қателестің — жалғыз бақыт қыз десең.
Сүймеді ме?
Бір-ақ сілте қолыңды,
Сүйетіні табылады іздесең!
Өлең— менің үйреншікті азабым.
Не істесем де түсінеді қазағым.
Бір жырымды жыртып тастай беремін,
Керек болса екіншісін жазамын.
Көңіл шіркін қысылмасын,
Саспасын!
Қартайғам жоқ,
Менің әлі жас басым.
Жиналысты тастап кете беремін,
Керек болса тауып алам басқасын.
Думаншыл жан емеспін мен,
Қарағым,
Ұнамайды маған шарап,
Арағың.
Той үстінен кетіп қала беремін,
Керек болса басқасына барамын.
Адам деген,
Ақын деген, бар атым.
Мазалайды бірақ қайғы — қара түн.
Өмірден де кеткім кейде келеді.
Кетер едім,
Басқа өмір жоқ баратын!



Пікірлер (2)

Бекзат

Қадыр Мырза Әлинің Ей, жас жігіт өлеңі ұнады

Logically Pedagogy

Ең керемет мен оқыған өлеңдердің бірі. Қысқа әрі нақты. Қазіргі кезде бұндай сапалы шығармалар өте аз

Пікір қалдырыңыз

Апталық есеп

  • 0
  • 0

Көретұғын түгі де жоқ сағаттан,
Дүйсенбіде кешіктің бір сабақтан.
Кен байлығын білмедің де Оралдың,
Сейсенбіде сүмірейген «бір» алдың.

Толық

Білмейді, білмейді

  • 0
  • 1

— Бұлт деген не,
Бұлт деген?—
Деп сұрадым бір күні.
— Бұлт деген бе?

Толық

Көктем құдіреті

  • 0
  • 0

Арулармен тектес көктем қылығы.
Алып ұшқан көңілдердің күлігі.
Аузы берік тұйық жандар шешіліп,
Ашылғандай құпиялар құлыбы.

Толық

Қарап көріңіз