Өлең, жыр, ақындар

Арқасында задымның

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1142
Арқасында задымның
Алдым талай қияны.
Бірақ бірдей
Атымның
Пайдасы мен зияны.
Керемет қой қыр жазы,
Көрші дейді біреулер.
Құлпытасқа жыр жазып
Берші дейді біреулер.
Керемет тау тастары,
Көрші дейді біреулер.
Тойымызды басқарып
Берші дейді біреулер.
Жыр айтысқа қызбенен
Түсші дейді біреулер.
Ертелі-кеш бізбенен
Ішші дейді біреулер.
Өз ұяңа кешігіп
Қайтшы дейді біреулер.
Мен туралы шешіліп
Айтшы дейді біреулер.
Бағасы бар малдың да,
Мақта дейді біреулер.
Әйелімнің алдында
Ақта дейді біреулер.
Қандай сыр бар сырғамда,
Білші дейді біреулер.
Жылағым кеп тұрғанда
Күлші дейді біреулер.
Қолдарына түспеуге
Тырысып ем,
Індетті.
Айтқандарын істеуге
Сияқтымын міндетті.
Сондай саяз болар ма
Санасыздың білігі.
Секілдімін оларға
Прокаттың мүлігі.
Анда-мұнда шақырып
Бермеген соң тыныштық,
Сабыр-төзім ақыры
Тасқа соқты қылышты.
Қоймай тіпті еркіме,
Кетті менің берекем...
Сұлу қыздың көркі де
Кейде өзіне сор екен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуырған балық

  • 0
  • 0

Болды біздің жолымыз,
Судан шортан суырдық.
Содан кейін оны біз
Сарымайға қуырдық.

Толық

Хат тасушы

  • 0
  • 0

Күндіз-түн, қарашы,
Жоқ онда демалыс.
Жүректер арасы —
Ең жақын, ең алыс.

Толық

Құрмет

  • 0
  • 0

Ер бақытты бағасын берген елі —
Көп екен ғой көргеннен көрмегенім —
Қадеке!— деп,
Кәке!— деп,

Толық

Қарап көріңіз