Өлең, жыр, ақындар

Сері жігіттің сыры

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2904
Біз — өмірдің уақытша тұрғынымыз,
Күзге жетпей солатын қыр гүліміз.
Сен тұрғанда,
Апыр-ай!
Мен тұрғанда
Тағы босқа өте ме бір күніміз?!
Болғанменен соңынан мың керегі,
Кейін бізге бұл күнді кім береді?!
Күндей болып бір күлсең,
О, Жасаған!
Көңіл бағы бұрқ етіп гүлдер еді!
Қалғанда да адасып серігіңнен,
Қала көрме көз жазып сері күннен!
Мейірімді қандырып,
Шөліркеген
Суар ерді ал қызыл ерініңмен!
Не жетеді өмірде әйәй қызға!
Әйәй қыздан басқаны қалаймыз ба?!
Ләззатын жастықтың
Сараңдардай
Өзімізден-өзіміз аяймыз ба?!
Адам өмір сүрмейді қоқым үшін,
Орында сен жүректің өтінішін.
Қызықтарды шығарып алсаң қолдан
Аса жаман болады өкінішің!
Сұлулықтың өлеңін келдік айтып,
Сұлу күйде сақтайсың енді қайтіп?!
Өтті ме күн?
Ол енді оралмайды!
Өтті ме түн?
Келмейді енді қайтіп!
Келіссеңші осымен,
Келіссеңші!
Көріссеңші осымен,
Көріссеңші!
Мендегінің бәрін ал!
Барлығын ал!
Сен де барды менімен бөліссеңші!
Бөліссеңші менімен қызылыңды!
Бөліссеңші менімен қызығыңды!
Жамасаңшы күлкіңмен жыртығыңды,
Жалғасаңшы назыңмен үзігімді!
Бөліссеңші менімен сағатыңды,
Бөліссеңші менімен тағатыңды!
Берсең еді сен маған беретінді,
Алсаң еді менен де алатынды!
Бекер!
Бекер күтесің басқа күнді!
Алысты аңсап,
Жоғалтпа қастағыңды!
Бөліссеңші менімен бір сәтіңді,
Бөліссеңші менімен қас қағымды!
Білем! Білем!
Жол қиын біздің дейсің.
Қоңырауы болады қыздың дейсің.
Дей тұрсақ та,
Бекерге,
Бекерге сен
Тайбурылын сезімнің тізгіндейсің!
Сұлулықтың өлеңін келдің айтып,
Сұлу күйде сақтайсың енді қайтіп?!
Өтті ме түн?
Ол енді оралмайды!
Өтті ме күн?
Келмейді енді қайтіп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайтан

  • 0
  • 0

Қуаныш та,
Болады реніш те,
Сенбегенің дұрыс-ау, сірә, күшке.
Өзегіне алманың түскен құрттап —

Толық

Киімдер қалай күйінді?

  • 0
  • 0

Тартынба,
Бар,
Тыңда!
Шкафтың

Толық

Бұл қалай?

  • 0
  • 0

Мен де бірі екенмін
Қолды-аяққа тұрмастың.
Айтуынша әкемнің,
Құлыныммен құрдаспын.

Толық

Қарап көріңіз