Өлең, жыр, ақындар

Сары парақ

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2754
Дүбірлеткен далада,
Қыраттарда
Қызығамын құлан мен құр аттарға.
Қызығамын
Қияға шығып алып,
Мүйіздерін қасысқан лақтарға!
Демеймін мен аңшыға өлтіріп бер
Көз алдыңа онан да келтіріп көр:
Маған сондай ұнайды
Боз далада
Бірін-бірі аунатқан бөлтіріктер!
Көремін деп қызығын сабаздардың,
Көк теңізге,
Көлге де біраз бардым...
Маған сондай ұнайды
Үрпиісіп
Шекіскені балапан қораздардың.
Қуанып та,
Қайғырып, күрсініп те,
Ыстықтап та,
Тоңазып, түршігіп те,
Өмір бойы келемін қызығумен
Табиғатқа,
Табиғи тіршілікке!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кірпі

  • 0
  • 0

Жатқан кезде быртиып,
Кірпіге сен көр тиіп.
Тікірейтіп түрпісін
Түрегелер үрпиіп.

Толық

Ақ әлем

  • 0
  • 0

Аспанында бұлт ауар
Аппақ дала, ақ тоғай.
Жаңа жауған ұлпа қар
Кіршігі жоқ мақтадай.

Толық

Не қалады?

  • 0
  • 0

Не қалады?
Шаң қалады көштерден.
Майы біткен шам қалады кештерден.
Не қалады?

Толық

Қарап көріңіз