Өлең, жыр, ақындар

Босқа өткен күн

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2142
Қызуымен пеш күннің
Кездім тірлік базарын.
Бірақ бүгін ешкімнің
Аудармадым назарын.
Қопарып жер қабатын,
Қазына-кен қазбадым.
Халық жаттап алатын
Бір ауыз жыр жазбадым.
Жырдың буда гүліне
Болады ел ыразы.
Бірақ бүгін тіліме
Оралмады бір әзіл.
Кітапханам өзіме
Көңілсіздеу тұр қарап.
Әйнек киіп көзіме
Оқымадым бір парақ.
Маған ыстық ақ үйдің
Өттім үнсіз қасынан.
Кездескен бір сәбидің
Сипамадым басынан.
Кіріп думан-дүкенге
Шаттық алып қайтпадым.
Кішіге, не үлкенге
Бір жылы сөз айтпадым.
Жұрт алдында жиналған
Мақтанар ем сол үшін,
Бір адамға қиналған
Бере алмадым қол ұшын.
Түк келмеген ойыма
Бұл күнді мен тұл деймін.
Ішкен асым
Бойыма
Қалай сіңді?
Білмеймін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көнтері

  • 0
  • 2

Ағайындар,
Құлақтарың тосыңдар.
Жырыма жыр,
Сырыма сыр қосыңдар...

Толық

Ақылды Тоқылдақ

  • 0
  • 0

— Көк-ек,
Кө-кек,
Кө-кек!— деп,
Күні бойы секектеп,

Толық

Асыл ойдың тереңіне

  • 0
  • 0

Асыл ойдың тереңіне
Асығудың керегі не?
Көп қалмаған сияқты!
Қиял атты киігіме

Толық

Қарап көріңіз