Өлең, жыр, ақындар

Түйін

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6301
Кім-кімге де бұл өнер қиын тиген.
Біреуге атақ,
Біреуге тиын тиген.
Шын шеберлер темірден шілтер тоқып,
Шын шеберлер ағаштан түйін түйген.
Сезім сүті уыздай ішінде ұйып,
Өледі адам шын өнер үшін күйіп.
Басқа, басқа,
Хас шебер
Көк сүңгідей
Күмбездің де
Қояды ұшын түйіп!
Қолдың да бар қорқағы,
Бар батылы,
Шыбыртқысы түсетін арқа тіліп.
Олақтардың
Түюді ұмытып кеткен
Қамшылары жүреді тарқатылып.
Жұмысыңның қырдағы,
Қырымдағы —
Түймедің бе?—
Кетеді қырын бәрі.
Түймегесін шашбау мен
Арулардың
Жалға айналып жүреді бұрымдары.
Жұмыр шумақ,
Жырымның бар тиегі.
(Кей сыншының құлағы селтиеді).
Өлеңімде болады екі түйін:
Біреуін — мен,
Біреуін — ол түйеді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуырған балық

  • 0
  • 0

Болды біздің жолымыз,
Судан шортан суырдық.
Содан кейін оны біз
Сарымайға қуырдық.

Толық

Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған

  • 0
  • 0

Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған,
Көкірегімді ешкімге бастыртпағам.
Қуанышы құлақтың — жылы лебіз,
Жылы лебіз,

Толық

Ыстық

  • 0
  • 0

Мұнартады сағымды нөпір алап.
Ақ бесікке асылып отыр ана...
Ала бұзау құйрығын шаншып алып,
Айдалаға безеді оқыралап.

Толық

Қарап көріңіз